Мәскеуде атып кетті: қазақстандық файтер оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Мәскеуде атып кетті: қазақстандық файтер оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Фото: Instagram/ bagdat_mma
194
оқылды
Мәскеуде 6 рет  оқ тиіп, ауруханаға түскен қазақстандық файтер Бағдат Дүйсембаев оқиғаның қалай болғанын айтып берді, – деп хабарлайды РЕН ТВ Спортшының айтуынша, ол достарымен Орджоникидзе көшесіндегі спорт клубына абонемент алуға келген. Осыған дейін клуб файтерлерге картаны жеңілдік арқылы сатуға уәде берген. Ал көлік тұрағында Дүйсембаев пен оның достарына күзетшілер келіп, спортшылардан көлік кедергі болатынын айтып, бес минуттан соң оны алып тастауды сұраған. Алайда абонемент сатуға тиіс болған қызметкерлер дер кезінде келе алмаған. Дүйсембаев осы уақытта күзетшілер жақындап, дөрекі түрде аумақты босатуды сұрағанын айтты. Кейін ойланбастан өзіне оқ жаудырған.
"Мен бір-біріміздің жүйкемізді жұқартпайық дедім. Қазір шешеміз деді. Бес минуттан соң шықты, бір жаққа кіріп, қайта шықты. Қолына тапанша алып, оқтады", – дейді файтер.
Бағдат Дүйсембаев ешкімге қоқан-лоқы көрсетпегендіктен, күзетші оқ атады деп ойламағанын айтады.
"Аспанға атып қорқытатындар көп қой. Солай қорқытпақ болды деп ойладым. Ештеңе сұрамады, сөйлемеді. Оқ жаудыра бастады", – дейді ол.
Қазір спортшы ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның кеуде тұсына тиген оқты алып тастаған. Бұған дейін қазақстандық файтердің Ресей астанасында оқ тиіп жарақаттанғанын жазған болатынбыз.