«Қосшыдағы мектеп мәселесі шешіле ме?» – депутаттар тұрғындармен кездесті
«Қосшыдағы мектеп мәселесі шешіле ме?» – депутаттар тұрғындармен кездесті
247
оқылды

Жақында ғана қала мәртебесін алған Елорданың іргесіндегі Қосшы қаласында қордаланған мәселелер аз емес. Халқының саны ай санап емес күн санап көбейіп жатқан елді мекенде мектептегі орын санының жетіспеушілігі әлі де күн тәртібінен түспей тұр. Сондай-ақ Diamond park тұрғындарының баспаналарын заңдастыра алмай жүргеніне бірнеше жылдың жүзі болған. Бүгін арнайы сапармен келген «Nur Otan» партиясы фракциясының Мәжіліс депутаттары тұрғындардың осы мәселелерін тыңдап, мән-жайды анықтауға тырысты.

Шаһарға ат басын бұрған Мәди Елубаев пен Юлия Кучинская ең алдымен Қосшыда салынып жатқан 1200 орынға шақталған мектептің құрылыс барысымен танысты. Осыдан үш жыл бұрын басталған бұл мектептің құрылысы жоспардағы мерзімінен кешіктіріліп жатыр. Өйткені құрылыс материалдарының қымбаттауынан мердігер компания жобалық-сметалық құжатты қайта түзеткен. мектеп Фракция депутаттарының айтуынша, құрылыс материалдарының қымбаттау мәселесі бүгінде аса өзекті. Бұл біздің елде ғана емес, әлемдік нарықта да күрделі жағдайға айналған. Сол себепті құрылыс материалдарының қымбаттауы сыртқы экономикалық себептерге байланысты. Бүгінде жаңара бастаған Қосшы қаласында құрылыс қарқыны жаман емес. Қазірдің өзінде 3 бірдей мектептің құрылысы жүріп жатыр. Әрқайсысы 1200 орындық. Оның екеуі биыл тапсырылады деп жоспарланса, 3-ші мектеп 2023 жылы пайдалануға беріледі деп күтіледі. Сөйтіп, 3600 орындықтық 3 мектептің пайдалануға берілуі 3 ауысымда білім беретін нысандардың проблемасын толыққанды шешуге тырысамыз, – деді Мәди Елубаев. Халықты толғандырған сұрақтар қаладағы бірқатар шағын аудан тұрғындарымен кездесу кезінде одан әрі жалғасты. Мәселен, Diamond park тұрғын үй кешенінің тұрғындары құрылыс салынған жердің заңсыз берілгендігінен жылдар бойы құжаттарын заңдастыра алмай келе жатыр. Сондай-ақ тұрғындар үнемі үзіліп берілетін ауызсу мәселесін көтерді. Жергілікті атқарушы орган өкілдерінің айтуынша, қолданыстағы сумен жабдықтау жүйесінің тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Нижне-Романовка кен орнынан Қосшы қаласына дейін су тарту құрылыстары мен су тартқыштың құрылысы аяқталуда. Қаражар ауылының сорғы станциясынан Қосшы қаласына дейін су тартқыштың құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Демек, жыл соңына дейін қосшылықтарға су үздіксіз берілетіні айтылды. мектеп Депутаттар бірқатар әлеуметтік және құрылыс нысандарында, өндірістік кәсіпорындарында болумен қатар еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді. Жалпы Парламент депутаттарының Ақмола олысына сапары 10 күнге жоспарланған. Жоспарға сәйкес іссапар барысында ақмолалықтарды толғандыратын өзекті мәселелерді талқылауға және Сайлауалды бағдарламасын жергілікті жерлерде іске асыру сапасын талдауға назар аударылмақ. Нұротандық депутаттар облыстық маңызы бар Көкшетау, Степногорск және Қосшы қалалары мен аудан орталықтарына ғана емес, облыстың 15 ауданында болып, шалғай елді мекендеріне де бармақ. Өңірдің өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі қарастыру үшін кәсіпорындардың, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің еңбек ұжымдарымен, санитарлық талаптарды сақтай отырып, кездесулер жоспарланған.