Алматыдағы Медеу маңынан тағы бір қару-жарақ арсеналы табылды
Алматыдағы Медеу маңынан тағы бір қару-жарақ арсеналы табылды
457
оқылды
Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ұсталған, қамауға алынған азаматтардан қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жасырылған орны туралы ақпарат алынды. Мұндай мәлімет Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлеріне тапсырылды, деп жазды Polisia.kz.
«Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ұсталған, қамауға алынған азаматтардан қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жасырылған орны туралы ақпарат алынды. Ол қаланың криминалдық полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Мекемеміздің жедел бөлімінің қызметкерлері КПБ және Медеу аудандық полиция басқармасындағы әріптестердің көмегімен Медеу трактіне апаратын орман белдеуінде жасырын қойманың орналасқан жері анықталды. Күдіктілер қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жасырып қойған. Айта кетерлігі, күдіктілер қару-жарақ жасырылған жерді жылдам табу үшін жанындағы ағашқа із қалдырған. Негізі біз сол арқылы таптық», – деді Алматы қаласы бойынша ЛА-155/18 ҚАЖД мекемесі бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Азамат Аманжолов.
Тергеу-жедел тобымен револьвер, шолақ мылтық, патрондар, гранаталар, түтін гранаталары тәркіленді.