Қарағанды облысы Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Алмаз Саламатов Сәтбаев қаласында болған жол апатының видеосын жариялады. Оқиға салдарынан мотоциклші мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан.
"Өткен жылдың 15 мамырында Сәтбаев қаласында автобус пен мотоцикл соқтығысқан жол апаты болды. Оқиға салдарынан мотоцикл жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. ӘҚК 13-тарауының 5-тармағына сәйкес, бағдаршамда кері бұрылу кезінде көлік жүргізушісі қарсы бағыттан түзу немесе оңға қарай қозғалатын көліктерге жол береді. Ереженің бұл талабын автобус жүргізушісі бұзған", - деді Алмаз Саламатов.Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша тіркелді. Өткен жылдың соңында Анықтау басқармасы істі сотқа жіберген.