Жібек – Қазақстанның абсолютті чемпионы
Жібек – Қазақстанның абсолютті чемпионы
174
оқылды
Елордада теннистен ерлер мен әйелдер арасында ҚР қысқы чемпионаты мәреге жетті. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, әйелдер арасында жарыстың бірінші және екінші ракеткалары Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова финалда бас жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен бәсекеде Құламбаева 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Жібек жұптық сында да озық шықты. Ол Екатерина Дмитриченкомен бірге финалда аса тартысты матчта Аружан Сағындықова мен Софья Чурсинадан басым түсті – 4:6, 6:3, 10:7. Осылайша, Жібек Құламбаева абсолютті чемпион атан­ды. Жекелей сында қола жүлде үшін бәсекеде Аружан Сағындық­ова Е.Дмитриченконы 6:4, 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Ерлер арасында Ақтау қаласы­ның түлегі Бейбіт Жукаевтың бағы жанды. Ол сағат жарымға созылған финалдық ойында алматылық Денис Евсеевтен айласын асырды – 7:6 (7:3), 6:2. Сөйтіп, 21 жастағы Жукаев алғаш рет ел біріншілігінің жеңімпазы атанды. Тимур Хабибуллинді 6:1, 6:3 есебімен жеңген Григорий Ломакин қола жүлдеге ие болды. Жұптық сында Денис Евсеев пен Григорий Ломакин жеңімпаз атанса, Бейбіт Жукаев пен Тимур Мәуленов екінші, Алексей Кедрюк пен Достанбек Ташболатов үшінші орынға көтерілді.

Әбілмансұр ЖАСАН