Съезд серпін беруі тиіс
Съезд серпін беруі тиіс
151
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 нау­рыз күні «Nur Otаn» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезін шақыруға шешім қабыл­дады. Съезде партия жұмыстарын әрі қа­рай жаңғырту бойынша басымдықтар талқыланатын болады. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында күзге қарай билік партиясы неғұрлым трансформациялануы керек деген болатын. Сонымен қатар елімізде бүгінде қалыптасқан жағдайға байланысты партия өз қызметінде жаңа тәсілдер – икемділікке, жеделдікке және батылдыққа сүйенуі тиіс. Егер партия қысқа мерзім ішінде осы тәсілдер бойынша түбегейлі өзгере алса, онда ол елдің сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, алдағы съезд партияның Жаңа Қазақстанды құру жолында нақты трансформациялануына әсер етуі қажет. Сөйтіп, бұл шара Президент айтқандай, қазіргі заманның өзекті мәселесі мен қоғамды әрі қарай демократияландыруға және пікір алуандығын дамытуға жауап береді.

Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ, саясаттанушы