Әлімханұлы төртінші орында
Әлімханұлы төртінші орында
135
оқылды
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәре­жесіндегі боксшылардың рейтингісін жаңартты. Әлем боксшыларымен қатар қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің де рейтингтегі орны белгілі болды. Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Жан Кособуцкий 19-орнын сақтап қалды. Бірінші ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев 32-сатыда тұр. Екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы мен Әли Ахмедов сәйкесінше 17 және 21-қатарға жайғасқан. Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы рейтингте төртінші орында тұр, ал Мейірім Нұрсұл­танов 17-сатыдан 10-орынға көтерілді. Ал бірінші орта салмақ­тағы Садриддин Ахмедов 20-қа­тарда тұр. Жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов үш саты жо­ғалтып, 23-орынға сырғыса, Талғат Шайкен 37-сатыда келеді. Бірінші жартылай орта сал­мақта Батыр Жүкембаев 22-орында, ал Руслан Мадиев 39-қатарда тұр.  

А.ЖАСАНҰЛЫ