Жамбыл облысында әке мен бала шерушілерге тұтатқыш сұйықтық таратқан
Жамбыл облысында әке мен бала шерушілерге тұтатқыш сұйықтық таратқан
Сурет: Informburo.kz
189
оқылды

Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде көшеде жүргендерге тез тұтанатын сұйқтық таратқан азамат ұсталды. Ол - 44 жастағы Алматы облысының тұрғыны, - деп хабарлайды КТК арнасы

Күдікті орталық көшелердің біріне «Митсубиси» көлігімен тоқтай қалып, баласы екеуі шерушілерге сұйықтық құйылған шөлмектерді таратқан. Бұл әрекеттері видео айғақпен дәлелденген. Ал тез өртенетін сұйықтық қолдарына тиген бұзақылар оны ғимараттарды өртеуге қолданған. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат қамауға алынды. Ал, баласы жайында мәлімет айтылмады. ",2022-02-19 10:48:55"