Алматыда майнинг фермасы анықталды, - деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.
Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, тергеу соты санкциясымен тінту кезінде 6 контейнерден майнинг фермалары табылды. Цифрлық криптовалютаны өндіруге арналған шифрлау кешені бар 700 бірлік жабдық тәркіленді.
Қазір тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды.