Синоптиктер 20 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазгидромет мәліметінше, Қазақстанның барлық аумағы антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, Қызылорда облысының орталығында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі деп болжайды. Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Батыс Қазақстан облысында солтүстік-батыста, солтүстігінде – көктайғақ, 15-20 м/с дейін жел күшейеді, батыста, солтүстігінде – тұман. Алматы облысының Алакөл көл ауданы аумағында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.