"Дикий Арманның" анасы қырғыз халқынан кешірім сұрады

"Дикий Арманның" анасы қырғыз халқынан кешірім сұрады

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің анасы қырғыз халқынан кешірім сұрады. Бұл туралы  "Башта" Telegram арнасы хабарлады. 70 жастағы Роза Хамзақызы ұлы үшін кешірім сұрады. Айтуынша, баласы Алматыда қаңтар айында болған тәртіпсіздіктер мен тонауға қырғыз елінің азаматтары қатысқан деп  айтқан. Роза Хамзақызы қырғыз халқын ерлігі мен патриотизмі үшін өте жақсы көретінін жеткізді. Сонымен қатар «Дикий Арманның» анасы жақында өзіне бірінші немересін сыйлаған келіні Айкөл Аликжанованың Қырғыз Республикасынан келгенін атап өтті. Анасы Арманның  бейнеөтініш жазғанын қалайтынын айтты, бірақ қазір ол тұрған изоляторға аудио және бейне техниканы кіргізуге болмайды. Еске сала кетейік, 7 қаңтарда Алматы ПД арнайы операция кезінде «Дикий Арман» бастаған топты  ұстаған болатын.