20 ақпандағы мәлімет бойынша, 34 417 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Олардың ішінде 4 545 пациент стационарда, 29 872 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 258 адамның жағдайы ауыр, • 105 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 77 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.