Еуропа елдерінде «Юнис» дауылынан 16 адам көз жұмды
Еуропа елдерінде «Юнис» дауылынан 16 адам көз жұмды

Екі күн ішінде қатты дауылдан кемінде 16 адам қаза болды, - деп хабарлайды ВВС басылымы.

Еуропадағы "Юнис" дауылынан Нидерландыда төрт, Польшада төрт, Ұлыбританияда үш, Германия мен Бельгияда екі, Ирландияда бір адам көз жұмды. Жұма күні желдің жылдамдығы сағатына 200 шақырымға жеткен. Сондай-ақ, көп адамның дауыл кезінде көлікпен жол апатына түскені белгілі болды. Францияда 30 оқиға тіркелген. Миллиондаған үй уақытша жарықсыз қалды, көптеген аймақта пойыздар мен басқа да қоғамдық көліктер тоқтап, апат аймағындағы әуежайлар жүздеген рейстерді кейінге қалдырды.