Қостанай облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты
Қостанай облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты
Derailed electric multiple unit (EMU)
168
оқылды

20 ақпан сағат 06.20-да полиция бөліміне Пешковка ауылынан бес шақырым жерде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы ақпарат келіп түсті.

"Volvo көлігінің 45 жастағы жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп, пойызбен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Volvo көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатын алып, Федоровская аудандық ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.