Қабір басына барып, түсініксіз рәсім жасағандар жұртты шошытты

Қабір басына барып, түсініксіз рәсім жасағандар жұртты шошытты

Желіде қабір басына барып, түсініксіз рәсім жасаған адамдардың видеосы тарады. Бейнежазбадан бір топ адам мазарат басында отырғанын көруге болады. Олардың бірі қабір топырағына қолын тығып отыр. Оны көрген желі оқырмандары бұл түсініксіз рәсім екенін айтып, түсінбей дал болды. Мазараттағылардың әрекетін анықтамақ мақсатта  Экспресс К. басылымы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасындағылардан пікір алуға тырысты. Алайда мүмкін болмады. Себебі ондағылар тек жұмыс уақытында пікір білдіреді екен. Сосын мүфтияттың ресми сайтында көрсетілген діни ақпарат беру cаll-орталығымен байланысты. Ондағылар қабір басындағы бұл әрекет шариғатқа қайшы екенін айтты. Ал толығырақ түсінік беру өз құзыреттеріне жатпайтынын атап өтті.