Үкімет кен өндіретін кәсіпорындардың лицензиясын қайта тексеретін болды
Үкімет кен өндіретін кәсіпорындардың лицензиясын қайта тексеретін болды
Фото: "Сезоны года" журналынан алынды
187
оқылды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатының кен орындарын тексеру мәселесі жөнінде кеңес өткізді, – деп жазады primeminister.kz.

Үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға берілген келісімшарттар мен лицензияларды қайта қарап жатыр. Осылайша, талдау барысында уәкілетті органдар міндеттемелерін дұрыс орындамай отырған қатты пайдалы қазбаларға қатысты 148 және көмірсутек шикізатына қатысты 27 келісімшартты анықтады. Тиісті Жол картасы аясында тоқтату туралы тиісті хабарламалар жіберілетін шарттар мен лицензияларды анықтау жоспарлануда. Осы жұмыстардың нәтижесінде кен орындары жаңа инвесторларға беру үшін аукционға шығарылады. Аукционға барлық инвесторлардың қатысуына мүмкіндік беріледі. Аукциондарды өткізу туралы ақпарат БАҚ-та жарияланады.

Бұған дейін Павлодар мұнай-химия зауытының басшысы ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.