Еуропаның әуе компаниялары Киев пен Одессаға қатынайтын рейстерді тоқтатты
Еуропаның әуе компаниялары Киев пен Одессаға қатынайтын рейстерді тоқтатты
Фото: news.myseldon.com
190
оқылды

Украинадағы жағдайға байланысты Германияның Lufthansa әуе тасымалдаушы компаниясы ақпанның соңына дейін Киев пен Одесса қаласына қатынайтын барлық рейсін тоқтатты, – деп хабарлайды 24.kz.

Сондай-ақ Австрия, Швеция, Брюссель мен тағы бірнеше еуропалық әуе компаниялар да бұл бағытта уақытша ұшпайтын болды. Жуырда Германияның сыртқы істер министрлігі отандастарын Украинадан кетуін сұраған еді. «Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бірнеше елшілік көшкен Украинаның Львов қаласына әзірше ұшақтар қатынап жатыр.

Бұған дейін Украина президенті шетелге қашқан депутаттар мен олигархтарға елге оралуға 24 сағат уақыт бергенін хабарлаған болатынбыз.