Тоқаевтың тапсырмасы: Қазақстанның даму банкінде қандай реформа жасалады?

Тоқаевтың тапсырмасы: Қазақстанның даму банкінде қандай реформа жасалады?
Фото: qazaquni.kz

Президенттің тапсырмасын орындау үшін Премьер-министр Әлихан Смайылов «Қазақстанның даму банкі» АҚ қызметін реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Реформалау барысында «Қазақстанның даму банкі» еліміз үшін стратегиялық және экономикалық маңызы бар, өтелу мерзімі ұзақ ауқымды әрі капиталды көп қажет ететін инвестициялық жобаларды, сондай-ақ индустриялық өндірістерді қаржыландыруға көбірек бағдарланады деп жоспарланып отыр.

«ҚДБ жаңа өндіріс орындарын құру жобаларын қаржыландыруға басымдық беруі тиіс. Қызметтің ашықтығын арттыру, бизнес процестерді оңтайландыру мен цифрландыру және банк қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру қажет», – деді Әлихан Смайылов.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының қаңтарда берген 140 тапсырмасының 44-і орындалғанын айтқан болатын.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.