Қазақстанда жол апатынан бір жылда қанша адам қаза тапты?
Қазақстанда жол апатынан бір жылда қанша адам қаза тапты?
Фото: tvk6.ru

Бас прокуратура жантүршігерлік жол апаты жиі болатын өңірлерді атады, – деп жазады Tengrinews.kz.

Құзырлы органның есебінше, былтыр:
  • Алматы – 3230;
  • Алматы облысы – 2248;
  • Жамбыл облысы – 1290;
  • Шығыс Қазақстан облысында 860 жол апаты тіркелген.

Ал адам өлімі болған жол апаты, көбінесе:

  • Алматы облысы – 463;
  • Түркістан облысы – 319;
  • Жамбыл облысы – 222;
  • Қарағанды облысы – 161;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 146.
Былтыр жалпы, 13 940 жол апатынан 2270 адам қаза тапты. Оның 200-і – бала, 18 096-сы жарақат алған.

Бұған дейін Алматы облысында бір отбасы жол апатынан қаза тапқанын жазған болатынбыз.