Екі-үш күнде 29 градус аяз болады
Екі-үш күнде 29 градус аяз болады
Фото: hibiny.com

Қазақстан 22-24 ақпан аралығында күн күрт суытып, аяз болады.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, алдағы үш тәулікте оңтүстікте антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Алайда солтүстікте қар жауып, боран соғады, жел 15-23 м/с-ке дейін күшейеді. Республика бойынша тұман және көктайғақ күтіледі. Еліміздің солтүстігі мен орталығында түнде 5-20 градус аяз, шығысында 10-29 градус аяз, оңтүстігінде -5 градус аяздан +5 градусқа дейін жылиды, батысында 0-10 градус аяз болады.

Бұған дейін бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланған еді.