Түркістанда көлік жүргізушісін таспен ұрып өлтірген ер адам ұсталды
Түркістанда көлік жүргізушісін таспен ұрып өлтірген ер адам ұсталды
Фото: mbl.is
130
оқылды

Полицияның мәліметінше, оқиға жол бойында болған. Түркістаннан Кентауға шығар жолда екі көлік жүргізушісі ерегесіп қалған. Жүргізушілердің бірі екіншісін таспен ұрған. Ауыр жарақат алған бір адам оқиға орнында қайтыс болды.

Күдіктінің әкесі жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер жәбірленушінің қайтыс болғанын анықтап, полицияға хабар берген.
Күдікті Түркістанның тұрғыны, бұрын Алматы облысында ұрлық үшін шартты түрде жазасын өтеген. Оны полицейлер оқиға орнында ұстады. Оған қатысты ҚК-нің 99-бабы бойынша тергеу басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.