«Қаңтар оқиғасы»: қанша адамға іс қозғалды?
«Қаңтар оқиғасы»: қанша адамға іс қозғалды?
©ortcom.kz
171
оқылды

ІІМ «қаңтар оқиғасын» тергеу мен елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда. Қазір Ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 2729 қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде 255 адам күзетпен ұсталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады.

Сонымен бірге жасаған әрекетінің ауырлығын, жеке басының мінездемесін ескере отырып, соттар 140 адамға қоғамнан алшақтатуға байланысты емес бұлтартпау шараларын тағайындады: үйқамақ – 62, кепіл – 33, ешқайда шықпау туралы қолхат – 45. – Қылмыстық істердің негізгі бөлігі келесі қылмыстар бойынша тергелуде: ұрлық – 1 844, қарудың заңсыз айналымы – 343, мүлікті қасақана бүлдіру немесе жою – 144. Қылмыстық істер бойынша 1,5 мыңнан аса жеке және заңды тұлға жәбірленуші деп танылды. Ал 12 мыңнан астам адамнан жауап алынған. Соның 2 мыңнан астамына әртүрлі сот сараптамалары тағайындалған, – дейді Санжар Әділов. Оның айтуынша, еліміз бойынша қаңтар оқиғаларын тергеуге 500-ден аса ішкі істер органдары қызметкері тартылған. Олардың ішінде тергеушілер, жедел қызметкерлер және криминалистер бар. Ішкі істер министрлігі орталық аппаратынан жергілікті жерлерге тәжірибелі қызметкерлер жіберілді. Бірқатар қызметкерлер арнайы прокурорлар жетекшілік ететін ведомствоаралық жедел тергеу топтарының құрамдарына қосылды және олармен бірге жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушыларын анықтау бойынша жұмыс істеуде. – Сотқа дейінгі тергеудің сапасына және оның жедел аяқталуы ерекше назарға алынған. Ішкі істер органдары тергеушілері қаңтар оқиғасы бойынша, 107 күдіктіге қатысты қылмыстық іс айыптау актілерімен аяқтаған. Бұл істердің де негізгі бөлігін ұрлық – 65, қаруды заңсыз сақтау фактілері – 11, оларды ұрлау – 7 және тағы басқалары бар. Сотқа 86 айыпталушы берілді. Елімізде соттар жеке басын және жасаған қылмыс ауырлығын ескере отырып, 52 адамды соттады: олардың 39-ы бас бостандығын шектеуге, 13-і бас бостандығынан айыруға үкім шығарылып, 2 адамға қатысты іс тараптар татуласуына байланысты тоқтатылды», – деді спикер.