АҚШ-та қазақстандық әйелді көлігінде белгісіз біреулер атып кеткен
АҚШ-та қазақстандық әйелді көлігінде белгісіз біреулер атып кеткен
Фото:facebook.com/li.jewel
АҚШ-та қазақстандық әйел өлі табылды. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. FOX 9 арнасының мәліметінше, 16 ақпанда кешке Сент-Полдың Пейн Фален ауданындағы пиццерия маңында тұрған көліктен оқ тиіп жарақаттанған әйел табылған. Ол ауруханаға жеткізілген, бірақ көп ұзамай қайтыс болған.
Сот-медициналық сараптама барысында әйел Сент-Пол тұрғыны 34 жастағы Юлия Ли екені анықталған. Сыртқы істер министрлігі марқұм Қазақстан азаматы екенін растады.
"Биыл 16 ақпанында Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан Республикасының азаматы белгісіз жағдайда қаза тапты. Жергілікті полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, отандасымыз оқ тиіп, көлігінде қайтыс болған", – деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Полиция оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.
"Қылмыс жасаған күдікті қамауға алынды. Қазақстан консулы марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста", – деп толықтырды ведомство өкілдері.
Юлия Лидің өлімі туралы ақпарат қарулы зорлық-зомбылық құрбандарына арналған ұлттық мемориал сайтында да жарияланған.