ІІМ Асқар Мамин мен Самат Әбішке қатысты мәлімдеме жасады
ІІМ Асқар Мамин мен Самат Әбішке қатысты мәлімдеме жасады
© khabar.kz
Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбішке, экс-премьер-министр Асқар Маминге және Павлодар облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке қатысты іс жүргізіліп жатпағанын мәлімдеді, - деп хабарлады orda.kz. Orda.kz «Қаңтар оқиғасынан» кейін құқық қорғау органдарына бұрынғы басшыларға қатысты іс жүргізіліп, не жүргізілмей жатқанын анықтау мақсатында хат жолдаған.
«Ішкі істер органдарында сіздер сұраған азаматтарға қатысты ешқандай іс жүргізіліп жатқан жоқ», – деп жазылған ІІМ жауабында.
Ал ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да лауазымды тұлғаларды тергеу жұмыстарын ҰҚК өзі жүргізіп жатыр. Олар мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алуға талпынды деген күдікке ілінген.