Алматыда тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ ұрлағандарға алғашқы үкім шықты

Алматы

Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған тонаушылар ісі сотта қаралып жатыр, – деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда Алматы соттарына 46 іс түскен, оның 28-і қаралып жатыр, 18-не үкім шықты.

«Бүгін сот шешімімен екі адам қару-жарақ дүкенін тонады деп танылып, бес жылға (әрқайсысы) бас бостандығынан айырылды», – хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлаған кінәлілер түрлі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, олардан материалдық шығын өндіріліп жатыр.

Бұған дейін серіктесінің денесін мәйітханадан ұрлап кеткен қылмыскер ұсталғанын жазған болатынбыз.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.