Алматыда жетінші баласына жүкті әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан
Алматыда жетінші баласына жүкті әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан
Фото: tengrinews.kz

Алматыда жүкті әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің мәліметінше, жетінші баласын күтіп жүрген әйел күйеуіне мылтық, тапанша, патрондар және басқа да оқ-дәрі ұрлауға көмектескен.
– Үйдің ішін тінту кезінде тәркіленгендердің арасында тоғыз сайга стволы, екі мылтық, винтовка, тапанша, патрондар, резеңке дубинка, ағаш биталар, сапер күрегі мен радиостанциялар болды. 25 жастағы Т. есімді жігіт ұрланған қару-жарақ салынған бумаларды жеке үйінің алдындағы аумаққа көмген. Сондай-ақ, күдіктінің мінген көлігі де анықталды. Бұл кезде оның қасында әйелі болған, ол күйеуінің ойланбай жасаған әрекетін, қылмыс жасауын тоқтатудың орнына ұрланған заттар салынған жәшіктерді көлікке тиеуге белсене көмектескен, – деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.
Заттай айғақтар тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігімен квалификацияланған. Әйелдің әрекетіне құқықтық баға беріледі. https://www.youtube.com/watch?v=k1KapfnpChE&feature=emb_title