Жамбыл облысында 500 келілік бомба табылды
Жамбыл облысында 500 келілік бомба табылды

Ол жарылған жағдайда радиусы 200 метр қашықтыққа дейінгі аралықты тып-типыл етуі мүмкін, – деп хабарлайды «Хабар 24».

Жойқын жарылғыш қару Байзақ ауданындағы құмды алқаптан табылды. Оны жергілікті тұрғын темір-терсек іздеп жүріп тауып алып, полицияға хабар берген көрінеді. Мамандар оның 1962 жылы шығарылған «ФАБ 500м-62» авиациялық бомба екенін анықтады.

Саперлар бомбаны арнайы көлікке тиеп, залалсыздандыру үшін полигонға алып кетті. Оның бұл аумаққа қалай келгенін енді тергеушілер анықтауы тиіс.