Бірнеше өңірде ескерту жарияланды-21.02.2022
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды-21.02.2022
178
оқылды
Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады. 22 ақпанда Қостанай облысының батысында бұрқасын күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғып, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. 22 ақпанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. 22-23 ақпанда түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, Жалаңашкөл аумағында күші 18-23 м/с дейін жетуі ықтимал. 22-23 ақпанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, түнде облыстың солтүстік-шығысында және орталығында көктайғақ күтіледі. 22 ақпанда Ақмола облысының солтүстік-батысында бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. 22 ақпанда күндіз Көкшетау қаласында да көктайғақ болуы мүмкін. 22 ақпанда күндіз Павлодар облысының солтүстік-батысында бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. 22 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, одан бөлек өңірдің оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыстың шығысында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Т