Жаңа трансформация қарсаңында тұр
Жаңа трансформация қарсаңында тұр
153
оқылды
Елімізге саяси модернизация қажет екенін бізге «қасіретті қаңтар» оқиғасы көр­сетті. Сондықтан Мемлекет басшысы нау­рыз айының ортасында халыққа Жол­дауында саяси трансформация және саяси реформаларды жүзеге асырудың нақты жолын айтатынын халық күтіп отыр. Саяси трансформация партияның транс­формациясымен байланысты екені сөз­сіз. Сондықтан алдағы съезд ел өміріндегі елеулі оқиға – Президент Жолдауының қарсаңында өткелі отырғанынан біз саяси сабақтастық көріп отырмыз. Партия да трансформациялануға қадам басады. Негізгі өзгерістердің сипатын Мемлекет басшысының әлеуметтік жағдайды көтеру, экономиканы дамытуды жеделдету, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатындағы әр салалардағы реформаларымен байланыстырамын. Мемлекет басшысы, партиямыздың жаңа Лидері Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа Қазақстан» идеясы аясында бірігуге шақырып отыр. «Жаңа Қазақстан» идеясы – Отанымызға адалдықпен, еңбекқорлық және ауызбірлікпен Тәуелсіздігімізді сақтап, оны әрі қарай дамытуға әр қазақстандықтың үлес қосуы. Сондықтан еліміздегі өткір әлеуметтік сұрақтардың шешімі мен оларды жүзеге асыру тетіктері осы партия жиынында қарастырылады деп ойлаймын..

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты