Бублик жеке рекордын жаңартты
Бублик жеке рекордын жаңартты
262
оқылды
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) таяуда жаңарған рейтингті жариялады. Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик тізімде бір сатыға көтеріліп, мансабында алғаш рет әлемдік рейтингте үздік 30 теннисшінің қатарына енді. Бұл – Бубликтің мансабындағы жеке рекорды. Өзге қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко алдыңғы аптамен салыстырғанда екі саты жоғарылаған. Тимофей Скатов пен Денис Евсеев бес саты, Александр Недовесов жеті сатыға көтеріліпті. Ал ATP рейтингісіндегі алғашқы ондықта еш өзгеріс болған жоқ.

М.ХАҚНАЗАР