Бастауыш ұйымдар белсенді
Бастауыш ұйымдар белсенді
179
оқылды
Жақында «Nur Otan» пар­тиясы Байқоңыр филиалының «Жастар» бастауыш ұйымы­ның мүшелері Қармақшы ау­дан­дық мәслихатының билік партиясының атынан сай­лан­ған депутаттары С.Жұ­ма­дья­ров­пен және Ш.Дәуленбаева­мен кездесу өткізді. Жиынды ашқан бастауыш ұйымының төрағасы Ақайша Есенгел­диева депутаттарға өздерінің былтыр жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы қысқаша баяндап берді. «Жастар» ұйымы бекітілген жылдық жоспар бойынша жұмыс істейді. Сол арқылы жастардың саясатқа араласуына, қоғамдық өмірге қатысуға тартып жатырмыз. Жастар мәселесі бойынша ай сайын қабылдау өткіземіз. Сон­дай-ақ ардагерлерге, көпбалалы ана­ларға, мүмкіндігі шектеулі жан­дарға хабарласып, ұдайы қолғабыс жасап тұрамыз»,– деді А.Есен­гелдиева. Жиын барысында «Nur Otan» партиясының XXI кезектен тыс съезінде қойылған мәселелер пы­сықталып, партияны модерниза­циялау жұмыстары талқыланды. Сондай-ақ Жаңа Қазақстанды құру жолында бүгінгі қоғамға, пар­тияға, әсіресе жастар қауымы­на қандай міндеттер жүктеліп отырғаны ег­жей-тегжейлі әңгі­меленді. «Осы орайда «Nur Otan» пар­тиясы еліміздегі басқа партиялар мен өзге да саяси күштерден қан­дай айырмашылығы мен басым­дығы бар деген сұраққа келер бол­сақ, 20 жылдан астам уақыт­тағы көптеген жетістіктеріміз бен ба­сым­дықтарымызды атап өтуге болады. Біріншіден, партия же­текшісінің Лидерлік тұлғасы. Екін­шіден, партиямыздың ма­те­риал­дық, қаржылық, медиа ре­сурс­тық жағынан толық қамтылуы мен нақты мүшелері санының көп­тігін мысалға келтіруге бола­ды. Біздің партия – нақты істердің партиясы, ол нақты көрсеткіш­терге негіз­дел­ген Сайлауалды бағ­дар­лама мен басқа да ұзақмер­зімді жоспарларды жасай отырып, оның орындалуына күш салады. Партиялық бақылау қызметі мен басқа да қоғамдық кеңестер ар­қылы атқарушы орган­дардың жұ­мыс есебін тыңдап, оларға та­лап­тар қойып, орын­да­луын қада­ға­лайды. Сондай-ақ сая­си ұйым халық пен билік арасын­дағы бай­ланысты орнықтыратын алтын көпір рөлін атқарады», – деді Шолпан Дәуленбаева. Айта кетейік, мұндай жиын «Тас­бөгет» бастауыш ұйымында да ұйымдастырылды. Жиынға Қы­зылорда қалалық мәслихатының депутаты Ж.Нұрымбетов, Тасбө­гет кенті Ардагерлер кеңесінің тө­ра­ғасы Р. Молдашев, бастауыш ұйы­мының төрағасы Г.Сар­дар­беков және партия мүшелері қа­тысты. Күн тәртібінде екі мәселе қа­ралды. Партия мүшелері бастауыш ұйымның атқарған жұмыстары, Президент Қ.Тоқаев­тың «Nur Otan» партиясының XXI кезектен тыс съезінде қойған міндеттері жайында жан-жақты сөз қозғады. Ал «Қосшыңырау» бастауыш ұйымында өткен жиналысқа Қы­зылорда қалалық мәслихатының депутаты Е. Әбдісаттаров қатыс­ты. Ол бастауыш ұйымының жи­на­лы­сына дейін ерекше мұқ­таж­дығы бар оқушыларға арналған № 280 жалпы білім беру мектебінде болып, жа­қында ғана ашылған Коуоркинг және Дефектология бөлмелерінің жұмыстарымен та­нысқан болатын. Жиын үстінде Қосшыңырау ауылы үшін өмірлік маңызы зор газдандыру және сумен жабдықтау мәселелері кеңінен талқыланды. Е. Әбдісаттаров «Қасіретті қаңтар» оқиғасына байланысты әріптесте­рін бірігуге шақырып, Қазақстан Президентінің Жолдауын тілге тиек етті. Осы күндері «Қызылжарма» бастауыш ұйымы да мәжіліс өткізді. Мұнда ұйым төрағасының есебі тыңдалып, «Nur Otan» пар­тиясы­ның XXI кезектен тыс съезінде Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер талқыланды. Айта кетейік, 2021 жылы өткен Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауында депутаттар құрамы 60 пайызға жаңа­рып, 20 пайыз жастармен және 30 пайыз әйел азаматтармен толықты. Қазір партияның бар­лық деңгейдегі өкілді органдарда басым дауыс иеленген депутаттық фрак­циялары бар. Бүгінде еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын еңсеріп, Жаңа Қа­зақстан құруға талпынып отыр. «Nur Otan» партиясы мемлекеті­міздің жаңа даму жолында Мем­лекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың стра­тегиялық бастамаларына қолдау білдіріп, оның негізгі тірегіне ай­на­лып отыр.