Ресей астанасы Мәскеуде көркем гимнастикадан Гран-при турнирі аяқталды. Айтулы бәсекеде қазақстандық Элжана Таниева жүлдеге ілікті. Элжана ұршықпен жаттығу сериясы бойынша күміс медаль иеленді. Бұл – Таниеваның Гран-при турниріндегі алғашқы жүлделерінің бірі. Аталған жаттығу бойынша алтын медальді ресейлік Лала Крамаренко, қоланы оның отандасы Арина Аверина еншілеген. Қазір Элжана Таниева Ресейдегі Ирина Винер-Усманова орталығында жаттығады. Бапкері ретінде Яна Аринцева жаттықтырады.