22 ақпанға арналған ауа райы болжамы
22 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: murmansk.bezformata.com
148
оқылды

«Қазгидрометтің» болжамынша, жауын-шашын жауады. Солтүстікте қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Өзге өңірлерде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Ақмола облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын соғып, күндіз көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде тұман болады. Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Жамбыл облысының солтүстік-шығысында желдің екпіні 23 м/с артады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Қостанай облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с артады. Сондай-ақ жаяу бұрқасын, тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Күндіз Павлодар облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болжанады. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында тұман, түнде аталған өңірлердің шығысында, орталығында көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ байқалады.