Перзентханада дәлізде туған сәби еденге құлап, шетінеп кетті
Перзентханада дәлізде туған сәби еденге құлап, шетінеп кетті
Фото: yandex.kz
367
оқылды

Теміртауда перзентханада жаңа туған сәби шетінеп кетті. Толғағы келген келіншекті дәрігерлер босану бөлмесіне апаруға асықпаған. Дәлізде босанған ананың баласы тас еденге құлап, сол сәтте тіл тартпай кеткен, – деп хабарлайды КТК арнасы.

33 жастағы Айжан Шахманова перзенханаға босанатын күні келген. Оқиға сол түнде болыпты. Келіншек толғақ қысқанын қанша айтса да, дәрігерлер оны босану бөлмесіне апармай жүріп алған. Тіпті сай-сүйегі сырқырап, жанын қоярға жер таппағанда ғана босанатын бөлмеге жетектеп ала жөнеліпті. Әйел дәлізде босанып, бала өлген соң оны дәрімен ұйықтатып тастаған.
Теміртау қаласының тұрғыны Айжан Шахманова: «Балам жерге басымен құлап, екпетінен сұлап  жатты да қалды, дыбыс шығармады. Қасымда тұрған 6-7 дәрігер жанталасып көтеріп жатқанын білемін. Баланың кіндігі кесілген жоқ, менен жұлынып жерге түсті... Одан кейін маған дәрі салып, ұйықтатып тастады», – дейді.
Әйел ертеңіне есін жиғанда полиция шақырған. Нәрестенің түнде өлгенін перзентханадағылар тәртіп сақшыларына хабарламаған. Қазір денсаулық сақтау басқармасынан арнайы комиссия Теміртау перзенханасына тексеріс жүргізіп жатыр. Полиция да тергеуді бастаған.
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Жиембаева: «Теміртау қаласындағы Ана мен бала орталығындағы бала өліміне қатысты жоспардан тыс тексеріс басталды. Оған медициналық қызмет сапасын бақылау департаментінің мамандары жұмылдырылды. Сол күнгі оқиғаға қатысы барлардың әрекеті жіті тексеріледі», – деді.

Бұған дейін Алматыда перзентханада аман-есен босанған көз жұмған әйел туралы жазған болатынбыз.