Жамбылда құмның арасынан бомба табылды – видео
Жамбылда құмның арасынан бомба табылды – видео
Фото: polisia.kz
141
оқылды

Жамбыл облысында құмнан 2,5 метрлік бомба табылды. Полиция департаментінің мәліметінше, бомба туралы Байзақ ауданының тұрғыны хабарлаған.

Байзақ ауданының полицейлері құмның арасынан авиациялық снарядқа ұқсас затты тапты. Саперлер снарядты зерттеп, 1962 жылы шығарылған, салмағы 500 келі, 2,5 метрлік «ФАБ 500м-62» авиациялық бомбасы екенін, ол кез келген минутта 200 метрге дейін жарылатынын анықтады.   https://youtu.be/B7BETcOQpmA   Бомбаны залалсыздандыру үшін арнайы әскери техникаға тиеп, полигонға алып кетті. Полицияға бомба туралы хабарлаған ер адам марапатталады.

Бұған дейін Қаңтар көтерілісінен кейін Полиция басқармасының төңірегінде граната 26 жастағы жігіттің қолында жарылғанын хабарлаған болатынбыз.