Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Фото: mail.kz
175
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, көктемде ауа райы күрт құбылмалы болады.

Наурыз айы жылы және жауын-шашынды болады. Ауа температурасы республиканың басым бөлігінде климаттық нормадан 1-2 пайызға жоғары болады. Атырау облысының батысы мен солтүстік-батысында күн жылы болады деп болжанып отыр. Наурыздың кей күндерінде еліміздің солтүстігі мен шығысында күндіз ауа температурасы 10 градустан 20 градусқа дейін көтеріледі деп күтіліп отыр. Наурыздағы жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жақын болады. Солтүстік Қазақстанның басым бөлігінде, БҚО, Қостанай, Ақмола облыстарында және Ақтөбенің солтүстігінде жауын-шашын нормадан артық жауады. Солтүстікте және шығыста аралас, елдің оңтүстігі мен батысында орташа деңгейде жауады.