Тұрғындарды шошытқан бейнероликке әкімдік рұқсат бермеген – видео
Тұрғындарды шошытқан бейнероликке әкімдік рұқсат бермеген – видео
164
оқылды

20 ақпан күні Алматыдағы Тоқтабаев пен Сүлейменов көшелерінің қиылысында біреулер «Қаңтар оқиғасына» қатысты бейнеролик түсіріп, сол маңайдағы тұрғындардың зәре құтын қашырған болатын.

Олар, өз сценариі бойынша сол аймақта тура қаңтардың 4-5 күндері болған атыс-шабыс, басқа да үрейлі оқиғаларды көрсеткен. Артынша әлеуметтік желіде тұрғындар бұл әрекетке өз наразылықтарын білдірген еді. Тұрғындар тура үйлеріне жақын маңайда орын алған түсіру жұмыстары туралы алдын-ала не жергілікті әкімдік, не болмаса түсіру тобы ешқандай ескерту жасамағанын айтып жазба қалдырған. Тіпті, кейбіреулері қатты шошынып сол сәтте үйінен шыға алмай қалғанын жазған. Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан екі көшенің қиылысында оқ атылып, адамдарға қауіп төніп жатқан террорлық әрекетті көруге болады. Осы мәселеге қатысты бүгін Алматы қалалық әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы түсініктеме берді. Басқарманың айтуынша, түсірілім тобына әкімдік тарапынан ешқандай рұқсат берілмеген.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

«Cultburo» ЖШС қаңтар айындағы оқиғалар туралы ролик түсіруге рұқсат алған жоқ. 1 ақпанда Алматы қаласы әкімінің, Әуезов ауданының әкімінің және Полиция департаментінің атына «Cultburo» ЖШС-нен 13 ақпанда «Хабар» телеарнасының тапсырысы бойынша қаңтардағы оқиғалар тақырыбына әлеуметтік ролик түсіруге рұқсат беру туралы өтініш келіп түсті. Аталған өтініш бойынша Қоғамдық даму басқармасының мамандары өтініш авторларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді және оларды түсірілім жүргізуге рұқсат берілмегені туралы хабардар етті. Полиция департаментінен де еш рұқсат берілмеген. Алайда, ролик түсіруге тыйым салынғанына қарамастан, «Cultburo» ЖШС ағымдағы жылдың 20 ақпанында бейнеролик түсірген», -делінген басқарма берген ресми жауапта.