Жын-перілер балаларға да маза бермей жатыр
Жын-перілер балаларға да маза бермей жатыр
946
оқылды

Жын-перінің бар-жоғына жалпы түрлі пікір бар. Бірақ соңғы кезде әлеуметтік желіде адам бойынан жынды шығарып, олармен тілдесіп жатқан видеолар жиілеп кетті. Жақында тіпті, баланың ішіне жын қонған деген жағдайлар да кездесті.

Мәселен, мына бір видеода әйелдің «мостикқа» тұруының өзі біртүрлі, адам шошырлық нәрсе. Тағы бір видеода кішкентай қыздан жынды қуып жатыр. Жын шығарушалар олармен тілдесіп те жатады. Мысалы, мына видеода жын сұрақтарға жауап беріп отыр. Айтуынша, ол Ақтөбенің өзінде 90-дай адамның бойына кірген. Оның ішінде бір қызды өзіне-өзі қол салуға мәжбүрлеп, өлтірген. Марқұмның есімі – Гүлназ. Жын шығарушылардың көбі адамның көзін байлап, дұғаларын оқиды. Ондай тәсіл негізінен Дағыстандікіне де келеді екен. Талғарлық Дүйсен аға негізінен адам бойынан жын шығарумен айналысады. Оның еңбегі аса қымбат емес, бір қабылдауы 10 мың теңге. – Қабылдауым аса қымбат емес. Кейбіреулер 200 мың, 500 мың сұрайтындар бар. Мен көп сұрамаймын, – дейді ол. Айтуынша, жын-перілер кездейсоқ біреулерге кіре бермейді. Немесе тек ниеті таза жандарды билеп алады деген де жансақ пікір дейді. – Адамның тазалануы оның жағдайына байланысты. Көпшілігі бір жұмада айықса, кейбірі бір ай бойы тазалануы мүмкін. Негізінен ұйқы бұзылып, түнімен қорқынышты түс көріп, мазасы қашса, тәбеті болмай, басында өзге біреулердің дауысын естісе, бойына жын кіруі мүмкін, – дейді ол. Оның айтуынша, бір адамның өзіне бірнеше жын кіруі мүмкін. Көп дегенде бір адамды елу шақты жын билеп алады екен. Сонымен қатар, жындарың әйел және еркек болып бөлінеді.