Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін 18 шетелдік қамауда отыр
Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін 18 шетелдік қамауда отыр
Фото: REUTERS
270
оқылды
Қазақстанда қаңтарда болған тәртіпсіздіктерге байланысты 18 шетелдік қамауда отыр. Бұл туралы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова айтты, – деп хабарлады baribar.kz.
"Тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген айыппен қамауға алынып, тергеу изоляторларында қазір 18 шетел азаматы отыр. Оның 14-і Өзбекстан, екеуі Ресей, екеуі Қырғызстан азаматы", – деді Эльвира Әзімова.
Оның айтуынша, қамауға алынған азаматтар ұсталған жабық мекемелерге жүргізілген мониторингтің қорытындысын жариялады.
"Ұсталғандардың көп болғанына байланысты уақытша ұстау изоляторларында 6 қаңтардан кейінгі алғашқы 48 сағатта ауыз суға, тамақтануға қол жеткізу жағдайлары дұрыс болмағаны анықталды. Кейіннен жағдай тұрақталды. 10 қаңтардан бастап тұтқындалғандардың барлығына үйден ақша алуға рұқсат етілді. Бүгінгі таңда тамақтану дұрысталды, бірақ тамақ сапасына қатысты бірнеше өтініш бар", – деді Эльвира Әзімова.