Атырау-Орал тас жолында болған жол апатынан ерлі-зайыптылар көз жұмды
Атырау-Орал тас жолында болған жол апатынан ерлі-зайыптылар көз жұмды
© inbusiness.kz
447
оқылды

Атырау облысында болған жол апатынан ерлі-зайыптылар қаза тауып, олардың сәбиі ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жеңіл көлік жүк көлігінің астына кіріп кетіп, бүктетіліп қалған.
Жол апаты 21 ақпанда 14:50 шамасында Атырау-Орал тас жолында болған. Ресейлік нөмір таққан "Ваз-11183" жүк көлігімен соқтығысқан.
"Оқиға орнында жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы қаза тапты. 2021 жылы туған сәби ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары басталды",  делінген хабарламада.
Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлікте қайтыс болғандар — ерлі-зайыптылар. Бүктетіліп қалған көлікте сәбидің қалай аман қалғаны белгісіз.

Бұған дейін Алматы облысында жол апатынан бүкіл отбасы мүшелері көз жұмғанын жазған болатынбыз.