Алматы қаласы прокуратурасының бизнес құқығын қорғау жөніндегі мобильді тобы бақылаушы органдар атынан кәсіпкерлердің ақшасын жымқырған алаяқтарды ұстады. Атап айтқанда, «Нұр-Сұлтан Пром безопасность» ЖШС қызметкерлері өздерін ТЖ органдарының мамандары ретінде таныстыра отырып, бизнес субъектілерін жаңылыстырып, тексерулер жүргізумен айыппұл салу қаупін келтіріп, кәсіпкерлерді өртке қарсы қауіпсіздік қызметтері үшін 60 мың теңгеге дейін төлеуге мәжбүр еткен. Мұндай қылмыстық схема жүйелі болды.
"Тек қазіргі уақытта Алматының Наурызбай және Әуезов аудандарында зардап шеккен 30-дан астам кәсіпкер анықталды, – делінген хабарламада.Мұндай заңсыз іс-әрекеттер бизнеске қысымды төмендету бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік шаралардың беделін түсіреді және оларға нұқсан келтіреді. Елімізде 2023 жылға дейін ШОБ субъектілерін тексеруге мораторий жарияланған.
"Аталған фактілер бойынша Наурызбай ауданының прокуратурасы қылмыстық істі қозғауға бастамашылық етті, нәтижесінде алаяқтық жасады деген күдікпен 1991 және 1995 жылғы екі азамат ұсталды, олар соттың санкциясымен қамауға алынды", – делінген хабарламада.Қаланың басқа аудандарының кәсіпкерлері заңға қайшы әрекеттерге ұшырауы мүмкін екенін ескере отырып, мұндай жағдайлар бойынша Наурызбай ауданының Полиция басқармасына мына нөмірлер бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 254-44-62, 8-747-297-37-26, немесе прокуратураның мобильді тобына: 8-701-775-55-00. Бұған дейін Қарағанды және Теміртау қалалары тұрғындарының 70 миллион теңгесін алдап алған алаяқтар ұсталғанын жазған болатынбыз.