Алматыда 26 жастағы ер адам есірткі мен "Макаров" тапаншасын шкафта жасырған

Алматыда 26 жастағы ер адам есірткі мен "Макаров" тапаншасын шкафта жасырған

Есірткі сатушыны ұстау бойынша арнайы іс-шараны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізді.

«Жедел-іздеу іс-шараларын жүргізу барысында 1996 жылы туған Г. есімді азамат ұсталды. Оның тұрғылықты жерінде рұқсат етілген тінту кезінде, одан ақ түсті ұнтақ заты бар екі полиэтилен бума және төрт патроны бар Макаров тапаншасы табылды және тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат «мефедрон» синтетикалық есірткісі болып шықты. Мамандардың айтуынша, тәркіленген тапанша ұңғысын ауыстыру арқылы оқ атуға арналған атыс қаруы болып табылады. Қару атуға жарамды», – деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ерлан Әлмағамбетов.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөліміне сәйкес тергеліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.