Қойдың құйрық майына телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болған әйел ұсталды
Қойдың құйрық майына телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болған әйел ұсталды
204
оқылды
Ақтөбеде қойдың құйрық майына телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбеде ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 тергеу изоляторының режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде қойдың ысталған құйрық майының ішіне тамақ үлдіріне (пищевая пленка) орап, мұқият жасырылған шағын ұялы телефонды және 2 sim-картаны тәркіледі. Мекемеге әкелуге тыйым салынған заттарды 34 жастағы Е. есімді азаматша “қарақшылық” бабымен сотталған інісіне жеткізбек болған.
"Азаматша Е. өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 791, 795-баптары бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды", – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев.