Алматы орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды
Алматы орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды
Фото: inform.kz
Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орыннан 4 атыс қаруы табылды. Шұғыл желі арқылы түскен ақпаратты Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті және Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексерді.
"Барлығы 4 атыс қаруы табылды. Атап айтқанда, “Beretta Xtreme”, “Tikka T3x”, “Gamo FS 10x igt”, “S ako TRG”. Тәркіленген қару жайлы ақпарат сот-баллистикалық сараптама арқылы анықталады", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, бұл қарулардың қылмыстарға қатысы бар-жоғы сараптамалық зерттеу нәтижесінде белгілі болады.