Жәнібек Әлімханұлы Мунгияның міндетті қарсыласы атанды
Жәнібек Әлімханұлы Мунгияның міндетті қарсыласы атанды
(Photo by Steve Marcus/Getty Images)
295
оқылды

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) 22 ақпан күні ресми шешім қабылдап, орта салмақта уақытша әлем чемпионы атағы үшін Жәнібек-Мунгия жекпе-жегін міндетті етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

WBO шешіміне сәйкес, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0-0, 7 KO) мен мексикалық боксшы Хайме Мунгия (39-0-0, 31 KO) орта салмақта уақытша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Сондай-ақ қос тарап 10 күн ішінде келісімге келуі керек. Егер боксшылардың командасы ортақ шешімге келе алмаса, жекпе-жек WBO ережесіне сәйкес бәс саудаға салынады және ең төменгі сома 200 мың доллар көлемінде белгіленген. WBO ұйымы міндетті жекпе-жек туралы хабарламаны екі боксшының промоутерлеріне ескерткен. Айта кетейік, Жәнібек WBO Global титулы иегері, атақты промоутер Боб Арумның Топ Ранк компаниясымен келісімшарты бар. Ал орта салмаққа жақында ауысқан Golden Boy промоутерлік компаниясының боксшысы Хайме Мунгия WBO Inter-Continental титулының иегері.