«Қайрат» сапына легионер қосылды
«Қайрат» сапына легионер қосылды
226
оқылды
Қазақстандық футзалдың көшбасшысы алматылық «Қай­рат» клубына жаңа ойыншы қосылды. Енді бразилиялық Ран­жельдің орнын Венесуэла құрамасының ойыншысы Карлос Санз басатын болды. Карлос Венесуэла құрамасында 2014 жылдан бері ойнап келген. Оңтүстік америкалық спортшы «Қайратпен» 1,5 жылға келісім­шарт­қа қол қойды. Енді Санз алма­ты­лық командада 18-ші нөмірмен өнер көрсетеді. 25 жастағы қорғау­шы әр жылдары Италия, Хорватия, Перу және Эквадор чемпионаттарында ойнады. Ал «Қайраттан» кеткен Ранжел өзінің туған жерінде бразилиялық «Пато Футзал» командасында ойнайтын болады.