Жаңа вакцинаны тіркеді
Жаңа вакцинаны тіркеді
154
оқылды
Қазақстанда COVID-19-ға қарсы «Спутник М» (Гам-КОВИД-Вак-М) вакцинасы тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацев­тикалық бақылау комитеті аталған препараттарды 8 ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін берді. Ресейде өндірілген вакцина  SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирус инфекциясының алдын алу үшін егіледі. Және де ол 12-17 жас аралығындағы жас­өспірімдерге арналған. Жаңа вакцинаның құрамындағы аденовирус бөлшектерінің концентрациясы «Спутник V»-ға қара­ғанда бес есе төмен. Бұл ерекшелік пре­параттың жасөспірімдерге арнап әзір­ленуіне байланысты.