Қазақстанда COVID-19-ға қарсы «Спутник М» (Гам-КОВИД-Вак-М) вакцинасы тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аталған препараттарды 8 ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін берді. Ресейде өндірілген вакцина SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирус инфекциясының алдын алу үшін егіледі. Және де ол 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған. Жаңа вакцинаның құрамындағы аденовирус бөлшектерінің концентрациясы «Спутник V»-ға қарағанда бес есе төмен. Бұл ерекшелік препараттың жасөспірімдерге арнап әзірленуіне байланысты.