Қанжығада үш медаль
Қанжығада үш медаль
178
оқылды
Израильдің астанасы – Тель-Авивте дзюдо күресінен Grand Slam турнирі аяқталды. Осы жылдың алғашқы бәсекесінде Қазақстанның 25 балуаны бақ сынап, солардың үшеуі жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жерлестеріміз жеңіп алған медальдардың біреуі – күміс, екеуі – қола. Ел құрамасынан 60 келіге дейін­гі салмақта Бауыржан Нарбаев күміс жүлде иеленсе, Мағжан Шамшадин (60 келі) мен Жансай Смағұлов (73 келі) қола медальға қол жеткізді. Әйелдер арасындағы жарыста 11 дзюдошымыз өнер көрсетті. Өкі­ніш­ке қарай, олардың ешқай­сы­сы­нан қайыр болмады. Дені алғашқы айналымда сүрінді. Тек Назгүл Маратова ғана жұбаныш белдесуіне қатысып, өзінің коман­да­лық әріптесі Кәмила Берліқаш­тан басым түсті. Алайда қола медаль үшін тартыста ол франциялық Джулия Толофуаға жол берді. Осылайша, жылдағы жағдай тағы да қайталануда. Біраз уақыт бойы халықаралық аренада қазақстан­дық дзюдошы қыздар арасынан тек Отгонцэцэг Галбадрахтың ғана табысты өнер көрсетіп келген еді. Моңғолиядан біздің елге қоныс аударған балуан татамимен қош айтысқан соң өз қыздарымыздың арасынан Галбадрахтың жеңісті жолын жалғастыруға күш-жігері жететін ешкім табылмай отыр.