Мақсат пен міндет айқын
Мақсат пен міндет айқын
192
оқылды
«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезі қар­саңында республиканың бар­лық аймақтарында бастауыш пар­тия ұйымдарының жина­лыс-жиындары өте бастады. Мұндай басқосулардың бірқа­тары Қарағанды облысы ау­ма­ғында ұйымдастырылды. Приозерск қаласында Қара­ғанды облысы Білім басқарма­сының «№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ ұжымында қалалық мәслихаттың депутаты, «Еңбекпен қамту орталығы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Р.Есена­ма­нованың және «Санэпидемстан­ция-2» бастауыш партия ұйымы­ның төрағасы Ә.Бакеевтің қаты­суымен кездесу өтті. Жиын барысында халқымызды дүрбелеңге салған қаңтардың ба­сындағы қайғылы оқиғалар туралы айтылды. Тұңғыш Президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке ай­налдыру үшін зор еңбек сіңіргені жайында, ол Отанымыздың және әлем тарихында тәуелсіз Қазақ­стан­­­ның негізін қалаған тұлға ре­тін­де қалатыны туралы сөз қозғалды. «Енді қазіргідей күрделі кезеңде біз Президентіміздің айналасына топтасуымыз қажет. Бұл – жағ­дайды тұрақтандыру, экономиканы қалпына келтіру жұмыстарын жал­ғастыру және барлық салада жаңа реформаларды іске асыру үшін маңызды қадам. Партияның бар­лық бастамалары елімізді өр­кен­детуге, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналғанын ұмыт­па­йық», – дейді Расима Есенаманова. Сондай-ақ Теміртауда «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Ажиков, қалалық мәслихат де­путаты, «Nur Otan» партиясы депу­таттық фракциясының мүшесі И.Сиверский «Мәдениет және демалыс саябағы» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесіп, партияның XXI съезінің шешімдері мен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев­тың елді жан-жақты жаң­ғыртуға және «Жаңа Қазақ­станды» құруға бағытталған алға қойған міндет­терін талқылады. Кездесу барысында партияның тәуелсіздік жылдарындағы жетіс­тіктері, оның ішінде еліміздің Тұң­ғыш Президенті, партияның бі­рінші төрағасы Н.Назарбаевтың тарихи еңбектері; партия Жарғы­сына енгізілген өзгерістер мен пар­тия мүшелерін шоғырландыру және олардың жауапкершілігін арттыру, оның ішінде партияның сайлауалды бағдарламасының ин­дикаторларын орындау жөніндегі жаңа міндеттері айтылды. Мұндай кездесулердің Абай қа­ласының «Жігер – Су» кәсіпор­нын­да, «Қазақтелеком» АҚ филиа­лында, қалалық емханада, Мәде­ниет үйінде, Топар қаласының ау­руханасында, сондай-ақ Самар, Жартас, Юбилейный және Құрма ауыл­дарында да өткізілді. Жина­лыс­та партияның мақсат-міндет­тері жан-жақты талқыланып, саяси ұйымның құрамына жастарды көп­теп тарту мәселесі де кеңінен қозғалды. Сондай-ақ күн тәртібінен елді мекендердің тұрмыстық проб­лемалары да шет қалмады.